Қаржы пирамидасы әшкере болды

Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. 16 қыркүйекте Қарағанды қалалық полиция басқармасына 27 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен.
«Ер адам өз арызында бизнеспен айналыспақ болып, 2019 жылдың тамыз айында қомақты қаражат табуға көмектесемін деп және бірден байлыққа белшеден батырамын дегеніне сенген жәбірленуші ол фирмаға үстеме ақы табу мақсатында тоғыз миллион теңге қаржы құйған. Алайда арада жыл өткенде не үстеме ақы, не өзінің салған тоғыз миллион теңгесін ала алмаған жәбірленуші қаржы пирамидасының арбауына түскенін сезіп, полицияға арызданған», – делінген хабарламада.
27 жастағы жәбірленуші жалған фирманың басшысы 51,58 жастағы әйелдер мен 24 жастағы ер адам екенін айтқан. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген тиісті іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 58 жастағы күдікті азаматша ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері басқада күдіктілерді іздестіріп жатыр.
Ер адам өз арызында бизнеспен айналыспақ болып, 2019 жылдың тамыз айында қомақты қаражат табуға көмектесемін деп және бірден байлыққа белшеден батырамын дегеніне сенген жәбірленуші ол фирмаға үстеме ақы табу мақсатында тоғыз миллион теңге қаржы құйған. Алайда арада жыл өткенде не үстеме ақы, не өзінің салған тоғыз миллион теңгесін ала алмаған жәбірленуші қаржы пирамидасының арбауына түскенін сезіп, полицияға арызданған", - делінген хабарламада.