USD
USD
USD

Картоптан «зебра чип» бактериялық жұқпалы ауруы анықталды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанға импортталған картоп пен сәбіз тұқымынан жұқпалы бактерия табылғанын мәлімдеген болатын. Осыған байланысты қазіргі таңда қандай шаралар қолданып жатқанын Nege.kz тілшісіне Ауыл шаруашылығы министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді.

Картоптан «зебра чип» бактериялық жұқпалы ауруы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министр Сапархан Омаровтың мәліметінше, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Ол бойынша жедел шаралар қарастыратынын тілге тиек еткен министр сауалды ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марсұлына бағыттады. 

«2021 жылдың сәуір-мамыр айларында Қазақстанға Германия мен Нидерланд елдерінен картоп тұқымы әкелінді. Карантиндік сараптама нәтижесінде «зебра чип» деген бактериялық жұқпалы ауру анықталды. Бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, әкімшілік іс сотқа жіберіліп, сот шешімі шығарылды. Тасымалдаушыға айыппұл салынып, жүк тәркілеуге және жоюға жіберілді. Мұндай ауру елімізде бірінші рет тіркелді», - деді А.Марсұлы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Корея: саяси диалогтан технологиялық әріптестікке

Жансая Нұралиева

Қазақстанда стейблкоиндерді халықаралық саудада пайдалану мүмкіндігі қарастырылмақ

Стейблкоин

СІМ АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталғаны жөніндегі ақпаратты растады

СІМ

QR төлемдерін ҚҚС-дан босату кәсіпкерлер комиссиясына бірден әсер етпеуі мүмкін

Kaspi