26 Қараша 17:13

Қарғалы өзені тасуы мүмкін

Фото:

Алматыда Наурызбай және Алатау аудандары арқылы ағып жатқан Қарғалы өзеніндегі көпір астына мұз жиналып қалды. Бұл жеке үйлер мен Райымбек даңғылын су басу қаупіне әкелді.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық құтқару қызметінің мәліметінше, көпір құрылымдарындағы мұз кептелісі ауа температурасының жылынуына байланысты пайда болған.

«Алматы қаласының құтқару қызметі үш күн бойы су тасу қаупін жоюмен айналысып жатыр. Бұл жұмыстарға арнайы алты техника мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды. Табиғи құбылыс салдарынан әртүлі жағдай туындайды. Сондықтан барлық өзендер мамандар мен қала әкімдігінің ерекше бақылауында болады», – деп хабарлады ведомствадан.

Тегтер: