17 Қараша 09:03

Қарашадағы ауа райы қандай болады?

Фото:

Қараша айында жауған қар айлық нормадан асып кетті.

 Алматы, NEGE. Қарашада елордаға жауған қар айлық нормадан 4 мм-ге артық. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақ ұлпаның көптігінен кей көшелерде қозғалыс қиындады. Әсіресе тұрғындар жаяу жүргіншілерге арналған жолдар дұрыс тазаланбайтынына шағымданады. Ал синоптиктер алдағы аптада еліміздің басым бөлігінде қар жауып, күн суытады деп отыр. Соңғы екі аптада Нұр-Сұлтанда жауын-шашын жиілеп, шаһарды қар басты. Көліктер кедергісіз қозғалғанымен, жолдың жиегіне жиналған ақ ұлпа жаяу жүргіншілерді біраз әбігерге салған сыңайлы. – Қар тазаланып жатқан жоқ. Бұрынғыдай емес. – ,басты жолдарды тазалайды. Мысалы, Республика, Кенесары бойын. Ал Сауран, Мәңгілік ел көшелеріндегі жолдар тазаланбай жатыр. Аулалар да қардың астында қалуда. Бірақ осы тұста елордалықтардың пікірі екіге бөлінді. Сауалнамаға қатысқандардың арасында коммуналдық қызметкерлерге алғыс айтқандар да болды. Ал кейбір азаматтар қардың көптігіне шағымдана бермей, табиғи құбылысты осы қалпында қабылдауға шақырды.

– Барлық жер уақытылы тазаланып жатыр. Қар жауғаннан кейін таңертең бірден жинайды. Мен жұмыстан түнде қайтамын. Таңғы 06:00 шамасында тазалап жүрген кісілерді көремін. Қарашада елордаға жауған қар айлық нормадан біршама артық. Ал ауа райы болжамына сай шаһарда тағы үш күн қар жауады. Жанар Серлибаева, синоптик-инженер: – Нұр-Сұлтан қаласына арналған жауын-шашынның орташа айлық мөлшері – 28 мм. Дегенмен, қарашаның 1-16 аралығында 32 мм жауын-шашын жауды. 18 қараша көшпелі бұлтты. Кей уақыттарда қар жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күші – 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 13-15 градус аяз. 19 қараша көшпелі бұлтты, кей уақыттарда қар жауады.

Тегтер: