Карантиннің қандай пайдасы бар?

19 наурыз, 10:08
Карантиннің қандай пайдасы бар?
Фото: nege.kz

Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы бүгіннен карантинге жабылып, барлық мекеме қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысты. 

Алматы, NEGE. Карантин әркімге түрліше әсер етуде. Желідегі қоғам ойы екіге жарылып, үйде отырып жұмыс істеудің ақ-қарасын айтысып жатыр. 

Бүл жағдай шығармашылық адамы үшін үлкен олжа. Қарбаластан босап, ми тыныққан соң тың туындылар туғыза алады. Жәй адам үшін де кітап оқып, өзін дамытуға таптырмас  мүмкіндік. 

Тарихта карантин уақытын кәдеге жаратқан мысал аз емес. Соның бірі орыс әдебиетінің классигі – Александр Пушкин. 

1830 жылыОңтүстік Азиядан шыққан тырысқақ инфекциясы Ресейге жетіп, біршама аймақта карантин жарияланды. Бұл уақытта Пушкин Болдино селосында жүріп, Мәскеуге қайта алмай қалған.

Село карантинге жабылып, ешкімді шығармай қойған. Үш ай бойы Болдинода қалған ақын шығармашылықпен айналысады.

ол «Евгений Онегин» өлең-романын аяқтап, «Белкин хикаялары», «Кішкентай трагедия» циклін, «Коломнадағы үй» поэмасын және 32 лирикалық өлеңін жазды.

«Мәскеуге кіруге болмайды. Мен болсам Болдинода қамалып қалдым. Ерік-жігерімді жоғалтып алғандаймын, тіпті не істерімді білмеймін. Биыл біздің үйлену тойымыз болмайтыны анық. Айналаның бәрі карантинде, бірақ бұл жерге эпидемия әлі келе қойған жоқ. Болдино – жан-жағын жартас қоршаған арал іспетті. Көршім де жоқ, оқитын кітап та жоқ. Ауа райы жағымсыз. Уақытым қағаз шимайлаумен өтіп жатыр. Жарық дүниеден хабарым жоқ. Әңгүдікке айналып бара жатқандаймын».

Пушкин, 11 қазан 1830 жыл, Бородино