1 Тамыз 19:45

Карантинге қарамастан қыз ұзату, мерейтой мен туған күндер өткізген

Фото:

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, күн сайын қаланың 100-ден астам кәсіпкерлік нысандары арасында карантин шектеулерін бұзғандарды анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Сонымен, 31 шілдеде мониторингтік топтар 30 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты. Алматы ауданында «Альнур», «Нурхолл» тойханаларында, «Ереймен» мейрамханасында, «Мята» сауна, лаундж барында және «КишМиш» кафесінде карантин талаптарының бұзылғаны анықталды. Байқоңыр ауданында «respawn» компьютерлік клубы мен «Хюррем» кафесі карантин мен маска режимін елемей жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында 8 мекеме елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзып жұмыс істеді. Ол «Астау», «Кунжут», «Арна», «Счастье», «El Plaza», «Центр плова» мейрамханалары, «Espresso» кофеханасы және «Градус» сыра дүкені. Есіл ауданында 14 мекеме карантин шектеулерін бұзды. Ол «Shatush» ресторан кешені, Тұран 7а даңғылындағы елордалық мәдениет және демалыс паркі. «Оазис» жағажай клубы, «Aura Club» түнгі клубы, «Maestro» караоке бары, «Ailand Astana» ЖШС, «Lavash», «Carreta» тез тамақтану мейрамханалар желісі, «Эдельвейс», «Теньговка» монша кешендері, «Какие люди» ресто-бары және «Tequila», «Панаехали» және «Chechil pub» барлары. Кей мекемелерде көп адамдардың жиналуымен қыз ұзату, мерейтойлар мен туған күндер өткізілген.

Тегтер: