21 Қараша 10:43

Карантинге байланысты санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Фото:
Нұр

-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның астанадағы карантинге байланысты жаңа қаулысы жарияланды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Құжатқа сәйкес, Нұр-Сұлтанда ойын-сауық, ауқымды іс-шараларды, оның ішінде спорт шараларын өткізу талаптарын сақтау жалғастырылады. Сондай-ақ банкет, үйлену тойын, мерейтойлар, еске алу жиындарын өткізуге, 3 адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға әлі де тыйым салынады. 

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруы шектеледі. 

"Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) маска тағу, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет", - делінген құжатта. 

Жаңа қаулыға сәйкес, қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерін киіп жүру) жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс кестесі сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады. 

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда жұмыс күндері сауда орталықтарының сағат 10:00 мен 23:00 аралығында жұмыс істеуіне, ал сенбі күндері 10:00 мен 20:00 аралығында жұмыс істеуіне рұқсат етілді. 

Тегтер: