Қарағандыда мейрамханада той жасаған судьяның бауыры жазаланды

22 ақпан, 13:37
Қарағандыда мейрамханада той жасаған судьяның бауыры жазаланды
Фото: ғаламтордан

Судья Естай Исабековтің бауыры Қарағанды мейрамханасында болған тойдың видеосынан кейін жазаланды. Оқиғаның мән-жайын Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері баяндады.    

Алматы, NEGE. Той "Рубин" мейрамханасында судья Естай Исабековтің анасының құрметіне өткені хабарланды. Ол туған күнін атап өткен.

"Материалды қарау барысында Исабеков тексеру нәтижелерімен танысуы және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу үшін басқармаға шақырылды. Исабековтің 12.02.2021 жылғы жазбаша өтінішіне сәйкес іс-шараны бауыры А.Р. Исабеков ұйымдастырған", - деп хабарлады Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілі.

Судья Исабековтің бауыры өз кінәсін мойындады. Оған айыппұл салынды.

Ал судья тәртіптік жауапқа тартылуы мүмкін. Оның жұмыс орнына хат жіберілді.

"Сол кездегі бас мемлекеттік санитар дәрігерлердің қаулысына сәйкес, іс-шараларға қатысушылар әкімшілік жауапқа тартылған жоқ", - деп толықтырды басқарма өкілі.