24 Қаңтар 14:41

Қарағандыда қар құрсауынан 111 адам құтқарылды

Фото:
«Қарағандыда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен өткен тәулікте қар құрсауынан 111 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала бар. Құтқару жұмыстары

кезінде қалың қарға малтыққан 28 автокөлік жолға шығарылды», – деп хабарлайды обылыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Алматы, NEGE. Құтқару жұмыстары Қарағанды, Теміртау қалаларында және Бұқар жырау, Абай, Осакаров және Ұлытау аудандарында жүргізілген. Бұқар Жырау ауданында 23 қаңтарда таңертең «Құрылыс ауылы - Үштөбе ауылы» автожолының 12-ші шақырымында қар құрсауынан 20 жеңіл автокөлік шығарылып, онда 40 адам құтқарылған. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 43-ші шақырымында тұрып қалған үш автокөліктегі 5 адам Ботақара кентіне жеткізілген. 24 қаңтарда «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1046-шы шақырымында 7 жеңіл автокөліктен 13 адам құтқарылып, олар Қарағанды қаласына жеткізілген. Сонымен қатар, құтқарушылар боранды күні жолға жаяу шыққан адамдарға да көмектескен.

Қолайсыз ауа райы медициналық қызметтердің жұмысына да кедергі келтіріп, жедел жәрдем бригадалары шақырту түскен мекенжайларға бара алмаған.

Тегтер: