7 Қараша 11:08

Қарағанды шахтасында жарылыс болып, 6 адам қаза тапты

Фото:

Бүгін таңғы сағат тоғыз жарым шамасында Қарағанды облысындағы Абай шахтасында жарылыс болып, 6 жұмысшы қаза болды. Бұл туралы Төтенже жағдайлар министрлігінің өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Қарағанды, NEGE. Министрлік өкілінің айтуынша, бүгін таңғы тоғыз жарым шамасында облыстың Төтенше жағдайлар департаментінен кезекші-диспетчерлік қызметкеАбай қаласындағы Абай шахтасында метан газының ауаға тарауының салдарынан жарылыс болғанын хабарлады.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жедел жеткен. Әзірге оқиғаның нақты себебі мен салдары анықталып жатыр. Үкімет басшысы А.Маминнің тапсырмасымен оқиға болған жерге министр Юрий Ильин бастаған комиссия шықты.

Жарылыс кезінде шахтада қанша адам болды? Бұл жөнінде ТЖМ былай деп хабарлады: «Алдын ала дерек бойынша шахтада 64 жұмысшы болған. 3-К10 забойында 8 жұмысшы жұмыс істеп жатқан. Сегіз жұмысшының алтауы қаза тапты, екеуі жарақаттанды. Қаза тапқандардың денесі жоғарыға шығарылды».

Тегтер: