7 Ақпан 18:08

Қарағанды облысында төтенше жағдай!

Фото:

Қарағанды облысының бірнеше қалалары мен ауылдық округтерінде төтенше жағдай режимі жарияланды.

Алматы, NEGE. Қарағанды облысының бірнеше қалалары мен ауылдық округтерінде төтенше жағдай режимі (төтенше жағдай) жарияланды, деп хабарлайды polisia.kz ақпараттық порталы.

«Метеорологиялық жағдайдың қиын болуына байланысты (көктайғақ, бұрқасын, жауын-шашын) Қарағанды облысының бірнеше елді мекенінде бірден төтенше жағдай жарияланды», – делінген хабарда.

Осакаров ауданы әкімінің шешімімен жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды: Осакаровка, Жастар және ауылдық округтер: Сарыөзек, Қарағайлы, Сұңқар, Пионерский, Озерный, Николаевский, Тельманский, Кундуздинский.

Тегтер: