29 Маусым 16:36

Қарағанды ​​медициналық университетінде жұқпалы аурулар стационары ашылды

Фото:

Қарағанды ​​медициналық университетінің Гоголь көшесінде орналасқан №3 жатақхана базасында 200 төсек-орындық жұқпалы аурулар стационары ашылды.

Алматы, NEGE. Жатақханада оқу жылы кезінде студенттер тұрған. Қазір оған коронавирус жұқтырғандар жатқызылуда, деп жазды ekaraganda.kz. Стационарда сонымен бірге ҚМУ резиденттері де жұмыс істейді. Аурухананың барлық қызметкері жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, жеткілікті мөлшерде дәрі-дәрмек, медициналық құрылғылар бар.

Тегтер: