20 Қараша 16:01

Қапшағайда казинолардың жұмысы тоқтайды

Фото:

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. 

Алматы, NEGE. Онда осы өңірде алдында белгіленген карантиндік шектеулерді ұзарту жайы қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа құжатта ойын мекемелері, ойынханалар, казино, сондай-ақ ұтысқа ақша тігіп, құмар ойындар өткізетін ғимараттардың жұмысына тыйым енгізілді.

Сондай-ақ, жаңа қаулыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын сағат 23.00-ге дейін ұзарту қажеттігі айтылады.

Тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты да сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін ұзартылды. Демалыс күндері олардың жұмысына да тыйым салынады.

Сондай-ақ, жаңа қаулыда бассейіндердің, сауналардың, спа-орталықтардың жұмыс уақытын сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін деп белгіленген.

Қаулы 22 қарашада сағат 7.00-ден бастап өз күшіне енеді.

Тегтер: