USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасында үш жүзден аса бейнекамера істен шыққан

Қаңтар оқиғасы кезінде 304 бейнекамера істен шықты.  Алматыда тағы 4 мың бейнекамера іске қосылады, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті. 

Қаңтар оқиғасында үш жүзден аса бейнекамера істен шыққан
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 75 “Сергек” кешені, бұл 304 бейнекамера, сондай-ақ, РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шықты. Барлық зақымдалған камералар қалпына келтірілді.

Жеке ТОБЖ арналарына қосылуға арналған жеке жүйесі бар 1 103 камераны қамтитын “Бейнебақылау жүйелері” жобасы бойынша жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ тарату жабдықтары істен шыққан.   Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр. 

“Алдағы уақытта 3 мың бейнебақылау камерасы орнатылады. Қала тұрғындарының қауіпсіздік шараларын ұйымдастырудың маңызды жобасы Бірыңғай бейнебақылау жүйесі болмақ. Егер бұрын тек жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі ПД ЖБО арқылы бақыланатын болса, 2020 жылдан бастап Орталық азаматтардың көп жиналатын жерлеріндегі, аулаларға, полиция пункттеріне іргелес аумақтардағы тәртіпті қадағалай бастады.  Алдағы 2 жылда қаладағы барлық жағдайды көру үшін камераларды сауда орталықтарымен және басқа да жеке меншік нысандарымен біріктіруді жоспарлап отырмыз”, – деді Алматы қалалық ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Ольга Агафонова.

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк 15 қазаннан бастап алты ай күтпестен баспана алудың жаңа тетігін іске қосады

Отбасы банк

Елордада қоғамдық көліктегі жолақысы 150 теңге дейін өседі

Автобус

Астанада кезекте тұрғандарға жылдық 5 пайызбен пәтер алуға өтінім қабылданып жатыр

Баспана

БҚО-да суару жүйелерін салуға бөлінген 251 млн теңгенің бір бөлігіне кәсіпкер үй сатып алған – ҚМА

кәсіпкер