10 Желтоқсан 13:32

Қандай тағамдар мидың жұмысына зиян?

Фото:

Жануарлардың майы жүрек ауруын туындатып қана қоймай, деменция қаупін жоғарылатады.

Алматы, NEGE. Мұндай мәлімдемені Women's Brain Initiative ұйымының директоры, дәрігер Лиза Москони жасады.

«Біз майлы, тәтті тағамдарды жегенде енжарлық және ұйқышылдық сияқты белгілерді сезінеміз. Бұл белгілер асқазанда емес, мида туындайды», - деді.

Бірақ құрамында омега-3 май қышқылдары мен балық майы бар түрлі биологиялық белсенді қоспалардың миға пайдасына мамандар күмәнды.

Лизаның айтуынша, нейрондардың денсаулығын антиоксиданттармен, құрамында С және Е дәрумендері көп тағамдармен, бета-каротинмен және қабынуға қарсы В дәрумендерімен және май қышқылдарымен қамтамасыз етуге болады.

Тегтер: