Қала күніне орай медициналық көмек пен қоғамдық көлік тегін болды

Медицина қызметкерлері кәсіби мерекелерін шаһар іргесіндегі елді мекендерде өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Дәрігерлер «Медицина жаныңызда» атты акция аясында Абай ауданынының Ақтас ауылына барды. Атамқұл ақсақал Ақтасқа білікті медицина мамандары келеді деген соң жергілікті амбулаторлық тірек бекетіне ертерек келіпті. Жасы 70-тен асқан зейнеткер бірнеше бейінді медицина маманнан кеңес алғандығын айтады. Қалаға шалғай орналасқандықтан, мұндай мамандардың халықтың ортасына келгендігі құба-құп дейді ауыл тұрғыны.
Ақтас ауылының тұрғыны Атамқұл Әжмәнбетов: "Қала күніне байланысты осы жерде іс-шара өткізіп жатыр екен. Барлық маман осы жерге келіп, невропотолог, тіс дәрігері, хирург бәрі келіп, осы жерде бәрімізді қарап, флюрографиядан өткізіп, қарттардың үйіне дейін барып, қызмет көрсетіп жатыр" деді.
№11 қалалық емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Данияр Айтбаев: "Тұрғындардың арасындағы созылмалы аурумен ауырып жатқан диспансерлік есепте тұратын барлығын тексеруге бейін мамандардың барлығын алып келіп, тексеріп олардың үйін аралап дәрілері болса дәрілерін беріп, жағдай жасап жатырмыз" деді.
Қала күнінде шымкенттіктер таңертеңнен бастап қоғамдық көлікте тегін қатынады. Бұл акция барлық бағыт бойынша жүзеге асты. Тек тұрғындардың карантиндегі қауіпсіздігі үшін қазір қала ішіндегі автобустардың күндіз 30% ғана жүруде. Таңертең және кешкісін 100% көбейеді дейді жолаушылар тасымалына жауапты басқарма. Ал Шымкент биыл ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған болатын.