23 Қаңтар 15:56

Қала қонақүйіндегі бала өлімі

Фото:

Алматы қаласында орналасқан InterContinental қонақүйінде өз қызын өлтіріп қойған күдіктіні қамауда ұстау мерзімі тағы да 1 айға ұзартылғаны жөнінде қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Алматы, NEGE. «Алматы қаласында тіркелген ауыр қылмысы үшін Ұлыбритания азаматын қамауға алу мерзімі тағы бір айға, 2020 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартылды», – деп хабарлады қалалық соттан.

Бұған дейін күдіктіні 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын. Еске сала кетсек, 24 қазан күні ер адам бір жарым жасар қызын ұрып-соғып, мерт қылып қойған. Алғашында ол өз перзентін буындырып өлтіргендігі туралы хабар тараған еді. Кейін, тергеу-тексеру жұмыстары барысында күдіктінің 41 жастағы Ұлыбритания азаматы екені белгілі болды.

Тегтер: