26 Желтоқсан 13:10

Қайта өңделген пластмассаны не істеуге болады?

Фото:

Қоқыс полигондары пластика қалдықтарына толып жатыр. Миллиондаған тонна пластикадан жасалған бөтелкелер топырақты улап, өзендер мен мұхиттарды қоқысқа айналдырды.

Дегенмен, дұрыс тәсілмен қайта өңделген пластика қалдықтарын қайта қолдануға болады. Пластмассаны екінші рет тұтыну үшін барлық талаптар толық сақталуы керек. 

Пластикадан киім қалай дайындалады?

Қоқыс жәшіктерінің шамамен 30%-ы пластмассадан тұрады: бір реттік ыдыс-аяқ, үйден шыққан пластиктен жасалған бұйымдар, тамақ пен жуғыш заттардың орамдары. Сонымен қатар, пластмассаның негізгі бөлігіне - сусындардың бөтелкелері жатады.

Қазір синтетикалық талшықтар табиғи талшықтардан нашар болады деген күндер артта қалды. Замануаи жолмен өндірілген синтетикалық киімдер терінің тыныс алуына кедергі келтірмейді және киюге ыңғайлы. Әсіресе, спорттық киім өндіріс үшін аса қажет. Олар тозуға төзімділікті арттыру үшін табиғи талшықтарға - мақта, зығыр, жүн, сондай-ақ жасанды талшықтарға (вискоза) қосылады. 

Қайта өңделген пластикалық киімдерге: джинсы киімдер, жүннен тоқылған жемпірлер, аяқ киім, бас киімдер, аксессуарлар, жасанды былғары терілер жатады.

ХХІ ғасырда полиэфирлі киім мақтаға қарағанда кең тарады. 

Қайта өңделген пластика қалдықтарынан киімді кімдер тігеді?

Өткен ғасырдың 90-жылдары пластикалық қалдықтардан киім өндіру басталды. 2002 жылы канадалық Dsquared2 сән үйі Recycled топтамасын ұсынды. Модельдер сән көрсетілімінде подиумға қоқыс салатын сөмкелерді алып шықты. Жаңа бастаманы қолдаушылар көп болды, артынан дәл осы тәсілмен киім өндіретін ізбасарлары көбейді. 

2008 жылы арзан брендтегі қайта өңделген пластиктен алғашқы өнімдер ұсынылды. American Apparel компаниясы Жер күніне орай қайта өңделген бөтелкелерден аксессуарлар топтамасын шығарды. Көп ұзамай қоршаған ортаны қорғау шараларына Adidas та қосылды.

Арнайы экологиялық таза желінің өнімдері толығымен қайта өңделген пластикалық қалдықтардан жасалды. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының 70 000 еріктісі Adidas-тың эко-пластиктен жасалған киімдерін киді. 

Танымал әнші Фаррелл Уильямс спорттық брендпен серіктес болып, мұхиттан жиналған пластмассадан жасалған киім топтамасын шығарды. Adidas-тан кейін эко-эстафетаны Nike корпорациясы қабылдады. 2013 жылы олар қайта өңделген полиэстерден Манчестер Сити футбол клубына арналған форма дайындады.

Қайта өңделген пластиктен жасалған киім өндірісіне Levi ' s, Asics, Topshop, Marks&Spencer, Max Mara, H&M, Patagonia және басқа брендтер қосылды.

Қазақстанда пластика қалдықтарын қайта өңдеп, киім дайындау жұмысы қолға алынбаған. Дегенмен, «Jasyl Arystan» ЖҚ пластика қалдықтарын қайта өңдеу ісін қолға алуды алға тартып жүр. Ол бір күннің не болмаса бір жылдың шаруасы емес. Алдағы уақытта бізде де эко-пластика өндірісі жанданатынып қалуы мүмкін.

Тегтер: