19 Маусым 12:06

Қайрат Құдайберген әртіс пе?

Фото:

Қоғам белсендісі Қайрат Құдайберген коронавирус дертіне шалдықты. Желіде оның сықсыңдап жылап жатқан видеосы жарияланды. Бір қызығы, оны өзге біреу емес өзі түсіріп, жеке парақшасына да өзі жүктеген.

Ол үш күн бойы дене қызуы көтерілгенін, ПТР-тест тапсырғанда коронавирус анықталғанын айтады. 

Жылап жатқан видеосын желіге жүктегені сол екен, тілінің тікені барлар оны түйреп ала жөнелді. «Жігіт адамға жараспайтын қылық! Ұят-ай!» деді бірі. «Қыздар да жұқтырып жатыр, жылаған қыз көрмедім» деп жазды екіншісі. «Қайратқа жұққан коронавирустың симптомы бөлек екен. Ұйықтатпайтын көрінеді, сол себепті ол түнімен комментарий оқиды» дейді үшіншісі. «Қайрат Құдайбергеннің әртіс екенін білмейсіңдер ме?!» деп қағытты тағы бірі.

Шынынды да тепсе темір үзетін қайратты жігіттің сықсыңдап жылап жатқаны ерсі көрінеді екен. Түсінеміз, мұндай жағдайда эмоцияны ұстау өте қиын. Дегенмен де ел алдында жүрген қоғам белсендісі әрбір әрекетіне есеп берсе керек-ті. Алайда депутаттың өзі мұны әбестік санамайтын сияқты. Өзіне күлген жұртты әлдебір «кармамен» қорқытпақшы болды.

Айтпақшы, журналист Михаил Козачковтың Telegram парақшасында депутат Қайрат Құдайберген 40 400 теңге айыппұлды төлемей жүргені туралы дерек жарияланды.

 

«Құрметті Қайрат Құдайберген! Сен бәрібір қазір үйде жатырсың, Инстаграмға кіргеніңе қарағанда, интернетің де бар. Өтінішім бар, айыппұлыңды төлей салшы. Миллионер, меценат, филантроп әрі депутатсың, сөйте тұра бюджеттің 40 мың теңгесін қысып қалдың. (Сыбырмен: жеке басыңның деректері бар қағазды бұдан былай жариялама)» деп жазды желі қолданушы.

Тегтер: