29 Сәуір 11:23

Қай өңірлерде кедейлік жоғары?

Фото:

Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халық үлесі 1% артты.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, 2020 жылы үй шаруашылықтарын зерттеу дерегі бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халық үлесі 5,3% құрады (2019 жылы – 4,3%). 2020 жылы кедейліктің ең жоғары мәндері тіркелген өңірлер: - Түркістан (12,2%) облысы; - Солтүстік Қазақстан (6,7%) облысы; - Шығыс Қазақстан (6,5%) облысы Кедейліктің ең аз үлесі - Нұр-Сұлтан (1,5%) қаласында. Қалалық және ауылдық жердегі табыс айырмашылығы әлі де бар.

Мәселен, қалалық жерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халықтың үлесі - 3,7%, ал ауылдық жерде 7,6% құрайды. 2020 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,8 есе), Маңғыстау (3,2 есе) облыстарында байқалды. «2020 жылы Джини коэффициенті 0,291 құрады. Халықтың 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген топтарының арасалмағы (қорлар коэффициенті) 5,9 есені құрады. Кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі сәйкесінше 0,8% және 0,2% болды», - делінген Ұлттық бюро мәліметінде.

Тегтер: