20 Қараша 08:22

Қай қаланың ауа сапасы нашар?

Фото:

Қазгидромет кәсіпорны ауа райының ластануын анықтады.

Алматы, NEGE. Кәсіпорынның мәліметінше, жұма күні еліміздің алты қаласында - Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Семей, Талдықорған және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Тегтер: