USD
USD
USD

Израильде әл-Фараби мерейтойы атап өтілді

Израильдің Хайфа қаласында адамзат тарихындағы ең кемеңгер ойшылардың бірі әл-Фарабидің құрметіне естелік тақта орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Израильде әл-Фараби мерейтойы атап өтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл данышпанның дүниеге келгеніне 1150 жыл толады. Қазақстан аумағында тұрған оның философия және медицина салаларындағы еңбектері, Аристотель мен Платон шығармаларына берген түсініктемелері бүкіл әлемге әйгілі. Әл-Фараби шығармалары философия ғылымының дамуына үлкен әсер етті. Оны өз ұстазы ретінде санаған белгілі ойшылдардың қатарында еврей философы Рамбам бар. Өткен ғасырдың 60-жылдары Хайфа қаласындағы бір көше әл-Фараби есімімен аталған. Енді бұл көшеде естелік тақта ашылды. Онда қазақ, иврит және ағылшын тілдерінде әл-Фараби туралы мағлұмат жазылған.   

– Қазақстан және Хайфа арасындағы байланыстың жаңа тарауын ашып жатырмыз. Ол тек іскерлік және дипломатиялық қатынастармен шектелмейді. Бұл – екі ел арасындағы мәдени байланыс. Әлемдегі ең ұлы данышпандарының бірі әл-Фарабидің құрметіне ашылған естелік тақтаның алдында бізді біріктіріп отырған да осы. Бүгін Қазақстандағы қалалардың бірімен бауырластық қатынас орнату мүмкіндігін қарастырдық, - Хайфа мэрінің орынбасары Лазарь Каплун.

Қазір оқып жатыр

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Наурыз мейрамы

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді

әуежай

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды

ЖЭО