14 Желтоқсан 10:45

Интернет арқылы төлем жасау 331 есеге өсті

Фото:

Елімізде интернет төлем көлемі 331 есеге артты.

Алматы, NEGE. Қазақстанда интернет төлемдер көлемі бес жылда 331 есе өсті. Ал интернеттің жылдамдығы бойынша 63-орынға көтерілді, деп хабарлады finprom.kz. Speedtest Global Index мәліметтеріне сәйкес Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша қазан айында 176 елдің ішінде 63-ші орынға ие болды.

Осылайша, бір ай бұрынғыға қарағанда бірден 4 пунктке, ал бір жыл ішінеде 6 пунктке жоғарылады. Онлайн төлем қазақстандықтар үшін төлем жасаудың негізгі әдісіне айналуда. Биылғы он айда қазақстандықтар интернет және ұялы телефондар арқылы 21,3 трлн теңгеге сауда-саттық пен т.б. төлемдер жасады. Бұл бір жыл бұрынғыдан үш есе, ал бес жыл бұрынғыдан 331 есе көп. Қазақстандық және шетелдік карталар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер 81,4% құрайды.

Тегтер: