8 Мамыр 15:15

Індеттің таралуының алдын-алу шаралары жалғасып жатыр

Фото:

Қарағанды облысының АК-159/5 мекемесінде ​COVID-19​ індетінің тарауына​ санитарлық-эпидемияға қарсы​ және​ санитарлық-ағартушылық шаралар, сонымен қатар түсініктеме шаралар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Медицина қызметкерлері осы іс-шараларды күн сайын үш реттен кем емес зарасыздандыратын құралдарды қолдана отырып, ылғалды ​тазалаудың өткізілуіне қатаң бақылау жүргізеді. Жалпы пайдаланылатын орындарда және іргелес үй-жайларда жасақтарды, камераларды, асханаларды күн сайын желдету және кварцтау, өңдеу шаралары жүргізіледі. Медициналық қызметкерлер, БӨП қызметкерлері, тексерулердің барлығы жеке қорғаныс құралдарымен (маскалармен, қолғаптармен, қорғау костюмдермен, антисептикалық құралдармен)​, сонымен қатар алыстан тексеру термометромен қамтамасыз етілген. Медициналық қызметкерлер арнайы контингенттің және қызметкерлердің маскалық режимін сақтауы бақыланады. ​ Барлық жасақтарда​ әр сотталғанға короновирустық індет ​бойынша жадынамалар берілді, көрнекі плакаттар ілінді, гигиена және этикет ережелерін сақтау туралы түсіндіру сұхбаттар жүргізіледі. Барлық медицина қызметкерлері мекемеге​ індеттің енуіне жол бермеу үшін адал еңбек етеді.

Тегтер: