Индерде 10 жас маманға біржолғы көтерме жәрдемақы берілді
12 желтоқсан, 11:27

Биыл Индерде "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 9 маманға бюджеттік несие беріліп, 10 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Атырау, NEGE. - Бүгінде тоғыз маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие және он маманға біржолғы көтерме жәрдемақы төленді. Жыл соңына дейін тағы 12 маманға көтерме жәрдемақы беру ұйымдастырылуда, - дейді Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи.