12 Желтоқсан 15:13

Индер ауданында 272 пәтер салынып жатыр

Фото:

Қазіргі уақытта Индербор кентіндегі Көктем шағын ауданында төрт қабатты 48 пәтерлік 4 тұрғын үй мен 5 қабатты 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. «Одан бөлек, Көктем қазақ орта мектебіне 80 орындық жапсаржай, Көктем шағын ауданында жол, газ, жылу құрылысы, Есбол, Елтай, Аққала ауылдарындағы газ желісінің құрылыстары жүргізілуде», - деді Мейірім Қалауи.​

Айта кетейік, Индер ауданында тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған спорт кешендері де бой көтеруде. Бүгінде Индербор кентіндегі спорттық ойын алаңдарының құрылысы, Жарсуат ауылындағы спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Тегтер: