USD
USD
USD

Халықтың 84%-і көмірмен қамтылды

 Қазақстанда көмір тапшылығы жоқ. Қатты отын саудасы тұрақталды.

Халықтың 84%-і көмірмен қамтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осылай деп хабарлады. Көмір тапшылығы жоқ. Барлық жерде көмір қажетті көлемде жинақталған. Қазір қатты отын саудасы тұрақталды. Бұл туралы еліміздің Қара металлургия және көмір өнеркәсібі комитеті хабарлады. Комитет басшысы Саясат Исатовтың айтуынша, соңғы үш айда сұраныс күрт артқанда тасымал кезінде біраз қиыншылық болғаны рас. Дегенмен қазір жағдай тұрақты. Жалпы ведомство ақпаратына сай, қазір әлеуметтік нысандардың 96%-і, ал халықтың 84%-і қатты отынмен қамтылған.

 Тау-кен металлургия кешені Қазақстан экономикасының жетекші бағыттарының бірі. Оның Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 8,2%-ке жуықтайды. Ал экспорттың 24% осы саланың еншісінде. Рсейден бөлек, көршілес елдерге өзіміздің Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ Беларусь, Украинаға да жөнелтіп жатырмыз. Бірақ министрліктің басым бағыты – ол өзіміздің ішкі нарықты қамтамасыз ету.  

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер