1 Қаңтар 10:38

Геннадий Головкин Жаңа жылмен құттықтады

Фото:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Instagram желісінде Жаңа жылмен құттықтап, видео жариялады.

Алматы, NEGE. Геннадий Головкиннің әр тілегі видеода сәйкес кадрлармен суреттелген.

"Жаңа жыл құтты болсын! Зор денсаулық, бақыт, алдағы жылы және әрдайым сәттілік тілеймін. GGG21", - делінген құттықтауда.

Желтоқсанда Головкин поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап қалған болатын.

Тегтер: