8 Мамыр 14:43

Facebook және Google қызметкерлері қашықтан жұмыс істейді

Фото:

 Facebook және Google өз қызметкерлеріне жыл соңына дейін үйден жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Алматы, NEGE. Facebook 6 шілдеде карантин және шектеу шараларын жеңілдету кезінде компания кеңселері ашылатынын мәлімдеді. «Google» компаниясының атқарушы директоры Сундар Пичаи (Sundar Pichai) кеңсеге оралуға тиісті қызметкерлер шілде айының басында ғимаратқа келіп жұмыс істей алатынын айтты. Бұл ретте кеңселерде аурудың таралуын болдырмау үшін күшейтілген қауіпсіздік шаралары енгізілетін болады. Сондай-ақ, ол өз жұмысын үйден істей алатын қызметкерлердің көпшілігі жыл соңына дейін қашықтан жалғастыра беретінін атап өтті. Facebook компаниясы да өз жұмысын қашықтан жасай алатын кез келген адам жыл соңына дейін осы режимде жұмыс істей алады деп хабарлады. Facebook қай қызметкерлерден кеңсеге жұмысқа шығуды сұрайтынын әлі шешкен жоқ. Айта кетсек, Facebook компаниясы –өз қызметкерлерінен қашықтан жұмыс істеуге рұқсат берген IT-компаниялары арасындағы алғашқылардың бірі. Компания қызметкерлеріне 1000 АҚШ долларынан (807 Фунт стерлинг) олардың үйдегі жұмысы және бала күтімі үшін бонустар төлейді.

Тегтер: