26 Қыркүйек 19:31

Ақпараттық технология саласының 70-ке жуық студенті халықаралық жобаға қатысты

Фото:

 25-26 қыркүйекте қазақстандық ақпараттық технологиялар саласының 70-ке жуық студенті мен мамандары климаттық мәселелерді азайту мақсатында Алматыдағы EU Ecohackathon байқауына қатысты.

 Алматы, NEGE. Іс-шараны Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі Еуроодақ климаттық дипломатиясы және Еуроодақ пен Қазақстанның білім, ғылым, зерттеулер және инновациялар саласындағы ынтымақтастығы шеңберінде ұйымдастырды.

48 сағат ішінде хакатон қатысушылары өздерінің инновациялық идеялары мен жобаларын инновациялар, цифрландыру, жоғары технологиялар, жасыл технология, жасыл қаржы, таза технологиялар, 4-ші өнеркәсіптік революция, климаттың өзгеруі, тұрақты даму салаларында ұсынды.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас: «Мақсат – Қазақстандағы жасыл және тұрақты даму бойынша жаңа инновациялық идеялар мен жобалардың дамуына септігін тигізу. Осы екі күн ішінде хакатон қатысушылары құнды тәжірибе жинап, біліктілігін дамытты деген үміттеміз. Бұл олардың болашақта өзінің стартаптарын құрып, әлемді жақсартуға мүмкіндік ашады деп ойлаймыз», – деді.

Экохакатонға барлығы 12 жоба ұсынылды. Қазылар алқасы үздік үш топты таңдады. Farmer тобы ұсынған жоба тамақ қалдықтарын табиғи тыңайтқышқа өңдеумен байланысты. Қатысушылар өздерінің идеяларын тиімді іске асырудың үш кезеңін көрсетті: тамақ қоқыстарын жинау, тамақ қоқыстарын тыңайтқыш пен концентратқа қайта өңдеу, содан кейін тыңайтқышты сату және тамақ қоқыстарын жинау қызметін ұсыну.

Lilo тобы мобильді эко қосымшасы, ол жеке тапсырмаларды күнтізбе ретінде аяқтауға көмектеседі, ал Lio командасы жеке мақсатқа жеткен сайын бір ағашты отырғызады. Жоба жазылым бойынша жұмыс істейді, ал ағаштар қосымшадағы жарнама арқылы сатып алынады.

Eco menu тобы ұсынған жоба мекемелерде қағаз мәзірлер мен чектерді азайтуға бағытталған. Ecomenu – бұл рестораторлар мәзірді электронды форматта жүктей алатын платформа, ал келушілер оны телефонның камерасын QR кодына бағыттау арқылы көрді.

«Эстония – Еуропа мен әлемдегі ең цифрландырылған елдің бірі. Жеңімпаздардың Эстонияның стартаптар қауымдастығымен  кездесетініне қуаныштымын. IT саласы өзгерістердің ұлы жолсерігі, хакатон барысында әзірленген үздік шешімдер іске асатынына сенемін», – деді Эстонияның Қазақстандағы елшісі Тоомас Тирс.

Хакатонның серіктесі және MOST бизнес-инкубаторының бас директоры Алим Хамитов бұл іс-шара қала мен жергілікті стартаптар экожүйесі үшін жарқын оқиға болғанын атап өтті. «Пандемия басталғаннан қалада мұндай ауқымды іс-шаралар өткізілмеді. Еуроодақ бастамасының арқасында біз дарынды жастарға серпін бере алдық. Қатысушылар идеядан прототипке дейін жетті және қазылар алқасына жұмыс істейтін шешімдерін ұсынды. Студенттер тәлімгерлер мен баяндамашылардан практикалық білім алды, ал жеңімпаздар сапардан жаңа біліммен оралады деп үміттенемін», – деді.

Барлық қатысушыларға алғыс сертификаттар берілді. Осы күзде жеңімпаздар Эстонияға IT және стартап индустриясындағы еуропалық тәжірибені зерттеу үшін танысу сапарымен барады.

Тегтер: