USD
USD
USD

Ерұлан Жамаубаев: Қазақстанда тапшылық көрсеткішінің артуына карантин себеп

Қазақстанда тапшылық көрсеткіші (дефицит) ішкі жалпы өнімнің 3,5 пайызына жетті. Бұл жағдаймен министрліктің қалай күресіп жатқандығы туралы Nege.kz сайтының сауалына ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді. 

Ерұлан Жамаубаев: Қазақстанда тапшылық көрсеткішінің артуына карантин себеп
Фото: NEGE.kz

Қаржы министрі «дефициттің» қандай жағдайда пайда болатынын түсіндірді.

«Табыс көзі азайған кезде дефицит көбейеді. Себебі, былтыр пандемияның кезінде экономика соңғы жиырма жылда бірінші рет осындай қиындыққа душар болды. Біздің кәсіпкерлеріміздің жағдайы белгілі, өздері көмек сұрады. Біз біраз жеңілдіктер жасадық. Салық, жалға алу жүктемелерін төмендеттік. Сонымен қатар, салық төлеу мерзімдерін шегердік. Осы жағдайда бюджеттің табыс бөлігіне қаражат аз түскендіктен дефицит 3,5%-ға өсіп отыр», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Ерұлан Жамаубаев келер жылы дефицит деңгейін 3,5%-дан асырмаймыз деген уәдесін берді. 

«Экономика дұрысталса алдағы уақыттағы мақсат-міндеттеріміздің бірі тапшылық көрсеткішін азайтып, экономиканың көлеңкелі бөлігімен күресіп, салық пен кедендік әкімшіліктерді жақсарта отырып цифрландыру жолына қою. Оны баяндамамда да айтып кеттім. Заңнамалық актілерде кейбір мәселелер бойынша салық жүктемесін қайта қарастыруды көздеп отырмыз. Осының барлығы айналып келгенде бюджеттің табыс бөлігін көтеруге алып келеді. Сонымен қатар, дефицитті бірте-бірте азайтуға мүмкіндік береді. Сөйтіп келер жылы дефицит деңгейін 3,5%-дан асырмаймыз деген жоспарымыз бар», - деп түсіндірді министр. 

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Шахтинскідегі өрт

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

ТЖ

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Трамп

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики