17 Мамыр 20:16

Ертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Фото:

Синоптиктер 18 мамырда еліміздің бірнеше өңірінде қатты жаңбыр жауып, кей жерлерінде найзағай ойнайды деп болжайды. 

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Петропавл қаласында күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкент қаласында да күннің екінші жартысында қатты жаңбыр, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында таңертең және күндіз  найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында күндіз 18 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстіктен жел соғады екпіні 15 м/с.

18 мамырда Қызылорда облысының басым бөлігінде түнде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай сақталады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда қаласында түнде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күші  кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында найзағай күтіледі. Күндіз шығыстан соққан жел батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Тегтер: