10 Желтоқсан 19:11

Ертең Елордада экологиялық форум болады

Фото:

Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ертең «Пластиктің Қазақстандағы зияны және Экология министрлігінің саясаты» деп аталатын форум өтеді. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. Форумда «JASYL ARYSTAN» қорының басқарма төрағасы Гүлнара Ережепова алғысөз айтады. Одан бөлек, форумға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері, экобелсенділер мен коммерциялық емес ұйым өкілдері, пластик заттарды қабылдау және өңдеу ұйымы мамандары, Гумилев атындағы Еуразиялық университет оқытушылары және шетелдік ғалымдар онлайн қатысады.

Форумда пластик заттардың ел экологиясына тигізіп жатқан зияны талқыланып, мұны азайтудың түрлі жолдары сөз болмақ. 

Тегтер: