26 Мамыр 16:22

Ертең де күн ыстық болады

Фото:
Алматы облысында 27 мамырда қатты ыстық сақталады, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE.  «Қазгидромет» РМК болжамы негізінде күндіз 27 мамырда Алматы облысында 35 градус қатты ыстық сақталады», - делінген сейсенбідегі дауылды ескертуде. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«Алматы облысы ТЖД үйде қалуға ұсыныс береді. Ыстықтаған жағдайда көлеңкеге барып, салқындап, су ішу керек. Күн қатты ысыған кезде табиғи өрт қаупі артатынын есте сақтаңыздар», - деп ескертті ТЖД.

Тегтер: