22 Мамыр 20:56

Ерлан Тұрғымбаев Алматы мектептерінің қауіпсіздігін тексерді

Фото:

 ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыға жұмыс сапары барысында шаһардың жалпы білім беру мекемелеріне жүргізілген талдаудың нәтижелерімен танысты.

Алматы, NEGE. Бұған дейін, Ішкі істер министрі білім беру ұйымдарындағы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жедел кеңесте ішкі істер органдарының және аумақтық полиция департаменттерінің басшыларына бірқатар тапсырма берген болатын. «Балалар – қоғамның ең осал бөлігі. Сондықтан олардың қауіпсіздігі әрқашан басты назарда. Жергілікті атқарушы органдармен, білім беру ұйымдарымен және азаматтармен бірлесіп, біз балалардың мектептерде білім алуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауымыз керек, ал ата-аналар олардың қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Талдаудың аралық нәтижелері туралы есеп бере отырып, Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов, тапсырмалар шеңберінде білім басқармасымен бірлесе отырып, шұғыл түрде комиссия құрылып, қаланың барлық мектептерінде зерттеу жүргізілгенін және бірқатар нысандарда бейнебақылау камераларының жетіспеушілігі, доғалы металл детекторларының, дабыл батырмаларының болмауы, сондай-ақ, мамандандырылған күзет бойынша жетіспеушіліктер бар екенін атап өтті. «Талдау нәтижелері бойынша барлық кемшіліктерді жою жоспары құрылды. Оқу орындарында орнатылған барлық бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылады», – деді Қанат Таймерденов.

Тегтер: