13 Мамыр 15:00

Ерке Есмахан Түркістанда Елбасыны көргенін айтып мақтанды

Фото:

Әнші Ерке Есмахан Елбасы тамашалаған концертте ән салғанын мақтанышпен жеткізді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Киелі Түркістанға ән салуға келдім. Ал Елбасы менің әнімді тыңдауға келіпті. Жүздесіп, мәз болып қалдық. Жаңа қаланы аралап үлгермедім. Қыдыру “мәселесіне” алдағы уақытта арнайы келем. Еліміз аман болсын! Барлық қалалар Түркістан сияқты түрлене берсін!" делінген әнші жазбасында.

Айта кетсек, 11 мамырда Елбасы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда Нұрсұлтан Назарбаев жаңаша көрікке ие болған Түркістан қаласының бірқатар мәдение нысандарын аралап, арнайы іс-шараларға қатысты.

Тегтер: