18 Мамыр 09:21

Ер адам дезинфекция жасаған жұмысшыға неге пышақ ала жүгірді?

Фото:

 Алматыда дезинфекцияшыға шабуыл жасаған мас ер адамға қатысты полиция түсінік берді. Бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды.

Алматы, NEGE. Онда мас адам «Премьера» тұрғын үй кешенінде дезинфекция жасап жүрген жұмысшыны пышақпен қуып жүр делінген. Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт кеше күндіз Наурызбай ауданының аумағында орын алған. «Белгілі болғандай, жанжал дезинфекция қызметінің жұмысшысы мен осы шағынаудан тұрғынының арасында туындаған. Ер адам мас болған. Бұл факті бойынша «102» пультіне хабарлама түскен жоқ.

Біз оны әлеуметтік желілерден білдік. Қазір екі тарап та анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Дезинфекцияшы оның үстінен арыз түсірген жоқ. Сондай-ақ оның қолында пышақ болғанын растамады», - дейді полиция өкілі. Полицияның мәліметінше, ішімдік ішкен адамның үстінен пәтер иелері кооперативі төрағасы шағым түсірді. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама жасадық. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», - деп толықтырды ведомстводан. 

Тегтер: