28 Қыркүйек 12:35

Енді 35 жасқа толмағандар да жастар санатына жататын болады

Фото:

Жастардың жасы 14 жастан 35 жасқа дейін бекіту ұсынылады (қолданыстағы заңнамада – 14-29 жас). Нәтижесінде бұрынғыдан екі есе көп – 6,2 млн адам (ел халқының үштен бір бөлігі) жастар санатына жатады. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мәжілісте қаралған заң жобасында жазылған. Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.

Заң жобасының мақсаты мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыру болып табылады. Заң жобасында "халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске, сондай-ақ "мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

 Олар жастарды қолдау бағдарламаларына тартылады.

Тегтер: