Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі

Микро және шағын бизнеске жүктемені азайту мақсатында еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты.

Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жоғары сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша нақты міндеттерді қойды. Үкіметтің қаржы-экономикалық блогының жұмысы мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізілетін болады. Президенттің инфляцияны белгіленген дәліздерге қайтару тапсырмасын іске асыру мақсатында Үкімет 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету іс-шаралары кешенін қабылдады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған жоспар аясында бағалардың өсуін тежеуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін ұлғайтуға бағытталған жедел және жүйелі сипаттағы 64 іс-шараны іске асырылуы көзделген.

«2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Жалпы, қаржыландыру көлемі 1 трлн. теңгені құрайды. Микро және шағын бизнеске жүктемені азайту мақсатында еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілетін болады. Бұл осы төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібін оңайлатуға, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорына түсетін жалпы жүктемені 2023 жылдан бастап 34-тен 25 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Әлихан Смайылов.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG

Сарапшылар азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өзара іс-қимылын талқылады

ҚҚДИ