Еңбек министрлігі зейнетке шыққалы жүрген әйелдерге ескерту жасады
1961 жылдың екінші жартысында дүниеге келген қазақстандық әйелдер зейнетақы төлемдерін тағайындауға 2021 жылдың соңына дейін өтініш жасауы тиіс. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Министрлік мәліметінше, асығыстық 2013 жылы қабылданған "Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға байланысты. 11-бапта әйелдердің зейнеткерлік жасы жыл сайын 6 айға 10 жыл бойы 2027 жылға дейін артады деп жазылған.
2021 жылы әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас болған. Енді 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетке шығу жасы 60 жас алты ай болады.
Осылайша, 2021 жылдың екінші жартысында 60 жасқа толған қазақстандықтар 2021 жылдың соңына дейін өтініш беріп үлгермейді, келесі жылы оларға жарты жыл күтуге тура келеді және 2022 жылдың шілдесінен кейін ғана зейнетке шыға алады.
Құжаттардың толық тізімімен мына сілтемеден танысуға болады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікке шығуға дайындалып жатқан адамдарға SMS-ескертулер жіберіп, қажетті құжаттарды алдын ала жинауға шақырады.
Еңбек министрлігі өтініштер берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралатынын ескертті.