19 Ақпан 12:55

Емхана жетіспеушілігі – күрделі мәселе 

Фото:

Алматы қаласының «Мамыр-1» ықшам ауданының тұрғыны тұрғын үйдің бірінші қабатындағы емхананың жайсыз орналасқанын жеткізді. 

Алматы, NEGE. «Жаңа емхана салу керек. Себебі, адам да, көлік те көп. Аяқ алып жүргісіз. Сосын қаншама ауру адамдар жүреді. Бұл тұрғындар үшін қауіпті» деді қала тұрғыны. 

Бұл тұрғыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев: «Қалада емхана жетіспейді. Әр шағын ауданның өз емханасы болуы керек деген сөз емес. Бұл мүмкін емес. Соған қарамастан медициналық қызметке қолжетімділікті арттыру бойынша 39 медициналық мекеме салынады», – деді. 

Қала әкімінің айтуынша, 2021 жылға дейін 39 медициналық мекеменің құрылысы жоспарланған. Айта кету керек, қаладағы 1,8 млн адамның 110 мыңнан астамы қала емханаларында тіркелген. 

 Медициналық көмекті әр қадам сайын жақындату бойынша, 2019 жылы 11 медициналық мекеме ашылса, оның біреуі Түрксіб ауданындағы «Алтай» шағын ауданында. Бұдан бөлек екі нысан – №2 клиникалық қалалық балалар ауруханасы жанынан консултативті-диагностикалық орталық және радиологиялық корпус пайдалануға берілді. 

«Былтыр 38 жедел жәрдем көлік пен 98 медициналық құрал-жабдық сатып алынған. Қазір медициналық мекемелерде 30 мыңнан астам медициналық құрал бар. Аудандардағы емханалардағы медициналық құралдарды жаңалауға байланысты 3 жылдық жоспар дайындалды. Ал биыл тағы да 78 жедел жәрдем көлігі сатып алынады», – деді қала әкімі Б.Сағынтаев.

Тегтер: