21 Қараша 15:54

Елордадағы жарылыс: 19 адамға медициналық көмек көрсетілді

Фото:

Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылысы кезінде зардап шеккен 19 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Алматы, NEGE. «Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. 20 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 12:58-де сөндірілді», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 34 құтқарушысы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Адамдар тоңып қалмас үшін қала әкімдігі және ТЖ департаменті КУНГ-көлігі мен автобус жіберді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін жедел желі телефоны қосылды: 24-51-71, 24-51-47.

Тегтер: