23 Мамыр 08:57

Елордада шеру өтеді

Фото:

Нұр-Сұлтанда Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен байкерлер автошеру өткізеді, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Алматы,  NEGE. Колоннада апаттан кейінгі көліктер тиелген эвакуаторлар, апаттардың алдын алуға арналған билбордтар ілінген автобустар, Полиция департаментінің мотоцикл жүргізушілері мен танымал байкерлер болады.

Автошеру 23 мамыр күні сағат 10.00-де Жетіген, 16 мекенжайынан басталып, «Бәйтерек» монументі маңында аяқталады. Сол жерде «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.

Оның барысында елорда тұрғындары мен қонақтары көкейкесті мәселелер бойынша полициямен тікелей байланыса алады. Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қоғам назарын аударту.

Шеру ұйымдастырушылары – Жергілікті полиция қызметі басқармасы және «ROAD BROTHERS MCC KAZAKHSTAN» байкерлер клубы.

Тегтер: