21 Қараша 14:25

Елордада сауда орталықтары сенбі күні жұмыс істейді

Фото:

Жаңа қаулыға сәйкес ойын-сауық орталықтары сенбі күні жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның жаңа қаулысына сәйкес, елордада сауда ойын-сауық орталықтарына сенбі күні кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

«Сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 шаршыметр есебінен толтырылуын 30 пайыздан аспайтындай етумен, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуына тыйым салумен, жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгіленіп, жексенбі және мереке күндері жұмыстарына (оларда орналасқан дәріханалар мен тамақ өнімдерін сататын шағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) тыйым салумен ұйымдастырылады», - делінген қаулыда.

Тегтер: