22 Мамыр 21:19

Елордада өрттен 10 адам құтқарылды

Фото:

Елордада 4-қабатты үйден өрт шықты. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «21 мамыр күні елордалық өрт сөндірушілер Жеңіс даңғылы бойындағы 57 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама алды. Оқиға орнынан жеткен кезде 4-қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінің ас бөлмесіндегі заттар мен жиһаздардың өртеніп жатқаны анықталды. Қызыл жалын сағат 19:08-де оқшауланып, одан кейін үш минуттың ішінде толықтай сөндірілді.

Қызыл жалынды сөндіру барысында өрт сөндірушілер жоғары қабаттағы 10 адамды құтқару маскасының көмегімен қауіпсіз жерге шығарды. Оның ішінде бір бала орташа дәрежеде иіс тиіп уланып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығуына алдын ала мәліметтерге қарағанда, ыдыс жууға арналған машинаның электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін», - деп атап өтеді департаменттен. Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД жеке құрамының 28 маманы мен 6 техникасы, полиция департаментінің, жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Тегтер: