21 Сәуір 10:39

Елордада эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз

Фото:

Елордада тәулігіне 350-ден 650 адамға дейін коронавирус жұқтырады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ал қаладағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Бүгін баспасөз мәслихатында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова осылай деді. Оның айтуынша, соңғы 7 күнде вирус жұқтыру дерегі өткен аптамен салыстырғанда 17 процентке артқан. Ал сәуірде науқастардың саны наурыз айына қарағанда 50 процентке көбейген. Жыл басынан бері елордада 21 мың адам коронавируспен ауырған. Ал жалпы пандемия басталғалы 40 мыңнан астам инфекция жұқтыру дерегі тіркелген. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың сөзінше, қазір күніне 6 мың адамға вакцина салынып жатыр. Алдағы уақытта «Керуен» және «Абу-Дабу Плаза» ойын-сауық кешендерінде екпе егу пунктерін ашу жоспарланған.   

Тегтер: