11 Желтоқсан 20:23

Елордада блокбекеттер қойыла ма?

Фото:

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айгүл Шағалтаева қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша сұрақтарға жауап берді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, аумақ «қызыл» аймақта болған кезде блокбекеттерді орнату бойынша белгілі бір талаптар бар.

«Кешеден  бастап біз "қызыл" аймаққа кіргенімізді ескере отырып, блокбекеттерді орнату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Біз жағдайды байқаймыз. Егер өсім болса, санитарлық бекеттер қою мәселесі көтеріледі. Әзірге оны қарастырмаймыз.

Ойын-сауық орталықтары, сауда үйлеріне қатысты шектеулер бар, олардың демалыс, мереке күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бірақ бүгінде арнаы қаулы шығарылған жоқ. Сауда орталықтарын жабу немесе оларға тыйым салу туралы айтуға әлі ерте. Бұл әлі қарастырылып жатыр. Біз дүрбелең тудырмауымыз керек. Сіздер білесіздер, бізде тек өткен демалыс күндері ғана ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және жабық базарлар жұмыс істей бастады», – деді Шағалтаева.

Тегтер: