25 Қаңтар 07:59

Елордада 95 млрд теңге жолды кеңейтуге жұмсалады

Фото:

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтандағы жол-көлік жүйесін реттеу уақыт күттірмейтін жұмыс. Аталған мәселені оңтайландыру үшін бюджеттен 95 млрд теңге бөлінеді. 

Алматы, NEGE. «Сіздің тапсырмаңыз бойынша жол-көлік жүйесін жеңілдету бойынша бірқатар маңызды жобалар басталды. Үкімет Қабанбай батыр даңғылын сегіз жолаққа дейін кеңейту жобасын және Қорғалжын шоссесі мен Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының қиылысында салынатын көлік жолайрығы құрылысын қолдады. Алдын ала құны – 95 млрд теңге», – деді Көлгінов ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қалада барлығы 100 км жол салынып, жөнделмек.

«Сонымен қатар, Ұлы Дала бойынша – Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы арқылы өтетін екі көпір құрылысын аяқтау да жоспарлануда. Сіздің тапсырмаңыз бойынша Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылы бойымен жаңа керме көпір құрылысы басталады. Аталмыш үш көпір мен жолдардың құрылысы қаланың көлік логистикасын жақсартып, жолдарды жеңілдетеді», – деді елорда басшысы.

Тегтер: