26 Қараша 08:49

Елордада 3,7 мыңнан астам оқушы Pfizer екпесін алды

Фото:

 Елордада Pfizer препаратымен 12-17 жас аралығындағы 3 700-ден астам оқушы екпе алды. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов балалар үшін вакцинанның маңызды екенін көп түсіндіргенін айтты. «Мен, ең алдымен, екі жасөспірімнің әкесі ретінде олардың болашағы мен денсаулығына алаңдаймын. Анасы екеуіміз вакцина алуға мәжбүрлемедік. Оларға ата-аналар ретінде вакцинаның қалай жұмыс істейтінін және вакцинацияның не үшін қажет екенін ғана түсіндірдік. Олардың өздері де адамның иммунитеті туралы жеткілікті біледі, сондықтан екеуі де екпе алуға келісті. Жақында үлкен ұлым ЖРВИ-мен ауырған, сол себепті толық жазылғаннан кейін вакцина алады», - деді Т. Мұратов.

Бүгінгі таңда елордада Pfizer алуға жататын контингенттің ішінде 5,5 мыңнан астам қала тұрғыны вакцина алды. Оның ішінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 3 773, бала емізетін аналар – 1 667, жүкті әйелдер – 106. Елордаға америкалық препараттың алғашқы кезеңінде 35 100 дозасы жеткізілді.

Тегтер: