8 Қаңтар 14:31

Елорда әуежайында ПТР-тест тапсыруға болады

Фото:

Елорда әуежайында ПТР және ИФА әдістері арқылы COVID-19 инфекциясына тест тапсыруға болады.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

«Енді елорда әуежайының жолаушылары мен қонақтары GrinLab тестілеу орталығында ПТР және ИФА әдістері арқылы коронавирустық COVID-19 инфекциясына тестілеуден өте алады. ПТР-тестілеудің құны 9000 теңгеден басталады. Тестілеу жұтқыншақ пен мұрыннан алынады және нәтижелері электронды поштаға орыс немесе ағылшын тілдерінде жіберіледі. Нәтижені 12 сағаттың ішінде алуға болады. ИФА әдісімен антиденелерге экспресс-тестілеудің құны 6500 теңге, зерттеу кезінде IgM және IgG сыныптарының антиденелерін анықтау үшін капиллярлы қан алынады, нәтижесі 15 минуттың ішінде дайын болады», - делінген хабарламада.

Ал антигенге экспресс-тестілеудің құны – 8500 теңге, IgA антигенін анықтау үшін мұрын-жұтқыншақтан тестілеу алынады, нәтижесі 15 минуттың ішінде дайын болады.

Тегтер: